Үйқамақтағы Елжан Біртановтың денсаулығы нашарлады

cover РБК

Жемқорлық күдігіне ілінген экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты оның денсаулығы нашарлады деп хабарлады.

Бұл туралы Orda.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Адвокат Дмитрий Куряченко телеарнаға берген сұхбатында:

– Тергеу органдарының әрекеті істі объективті жүргізуге емес, Біртановты қудалауға бағытталып отыр.

Керісінше, оның кінәсіздігін және қатысы жоғын дәлелдейтін фактілер бар. Айып денсаулық сақтау саласындағы интеграциялық платформа жасаушы хорваттың «Эриксон Никола Тесла» компаниясының өз міндеттерін орындамағаны жайлы күдікке негізделген. Алайда тіпті медицина мекемесіндегі хаттар дауы платформаның жұмыс істеп тұрғанын дәлелдейді.

Еске салсақ, 26 наурызда сот үйқамақтағы Елжан Біртановтың қамау мерзімін ұзартты.

2020 жылы қарашада Біртанов «ірі көлемде қаржы жымқыру» күдігі бойынша ұсталған. Экс-министрдің цифрландыруға бөлінген 526 млн теңге қаражатты қолды етті деген ақпарат тараған.

Елжан Біртанов 2017 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың маусымның соңына дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Ол коронавируспен ауырғандар саны күрт көбейіп, ауруханаларда орын жетпей қалған тұста қызметінен кеткен. Оның орнына Алексей Цой келді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар