Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
Фото: Бейнеден кадр
Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсіріп, адамдарды «егеуқұйрықтар» деп атаған Өзбекстан азаматы әлеуметтік желілерде дау тудырды. Оқиғадан кейін жергілікті тұрғындардың бірі полицияға шағымданған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Израильдің құқық қорғау органдары зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматын ұстағаны туралы ақпарат тарады.
Видеода ол адамдарды «егеуқұйрықтар» деп атап, қауіп төнген кезде бәрі жан-жаққа қашып кеткенін айтқан. Жазба интернетте кеңінен тарағаннан кейін Израиль азаматтарының бірі оны танып, құқық қорғау органдарына хабар берген.
Кейін ұсталған азаматтың айтуынша, бұл сөздері израильдіктерге емес, өзін жалғыз қалдырып, бомбаға қарсы баспанаға қашып кеткен таныстарына бағытталған.
Израильдегі Өзбекстан елшілігінің мәліметінше, оқиға 28 ақпанда болған. Өзбекстан азаматы Н.Х. зымыран шабуылы кезінде дабыл қосылып тұрған сәтте TikTok әлеуметтік желісіне видео жариялаған. Видеода орынсыз сөздер айтылған.
Кейін бұл видео Израильдің әлеуметтік желілер сегментінде кеңінен тарап, жергілікті қоғамда наразылық тудырған. Осыдан кейін Израиль азаматы А.Х. аталған оқиға бойынша полицияға жүгінген.
«Елшіліктің консулдық бөлімі Өзбекстан азаматы Н.Х.-пен жедел байланысып, онымен түсіндіру жұмысын жүргізді. Сондай-ақ Израиль азаматының өзімен де әңгіме болды. Қазіргі уақытта Өзбекстан азаматы қауіпсіз жерде, ал мәселе консулдық бөлімнің қарауында», деп хабарлады елшілік.
Елшілік Израильде жүрген отандастарын жергілікті заң талаптарын сақтауға, арандатушылықтан аулақ болуға және зымыран шабуылы кезінде Израильдің тыл қолбасшылығы беретін қауіпсіздік нұсқауларын қатаң орындауға шақырды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?