Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
Фото: видео кадры
Бүгін таңертең шамамен 50 жойғыш ұшақ барлау басқармасының нақты нұсқаулары бойынша және терроризмге қарсы басқармамен бірлесіп, Тегеран орталығында орналасқан Иран режимінің басшылық кешенінің астында салынған Әли Хаменеидің жерасты бункеріне соққы жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Израиль армиясының мәліметінше, бұл бункерді басшы әскери әрекеттерді жүргізу үшін сенімді резерв орын ретінде пайдаланылған. Ол «Ақырған арыстан» операциясында қолданылып үлгермей тұрып жойылған.
Әли Хаменеидің өлімінен кейін де бұл кешенді Иран режимінің жоғары лауазымды шенеуніктері пайдаланып келген. Жылдар бойы режим өз әскери жоспарларын жүзеге асыру және Израиль мемлекетіне әрі Батыс әлеміне қарсы экстремистік және қатыгез идеологиясын іске асыру мақсатында жерасты кешенін құруға күш салған.
Жерасты бункері Тегеран қаласының орталығындағы тұтас көшелерді алып жатқан және Иран режимінің жоғары лауазымды тұлғаларына арналған көптеген үй-жай мен кездесу бөлмелерінен тұрған, делінген.
Бұл кешенге шабуыл ұзақ әрі мұқият жүргізілген барлау мәліметтерін жинау және әскери барлау қызметі жүргізген зерттеу нәтижесінде жүзеге асырылған. Басшылыққа тиесілі бұл ғимараттар кешені Иран режимінің негізгі әрі ең маңызды штабының бірі болған.
«Жерасты бункерінің жойылуы режимнің басқару және қолбасшылық мүмкіндіктеріне келтірілген зиянды одан әрі күшейтеді», делінген ЦАХАЛ хабарында.
Оқи отырыңыздар:
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?