Іздеуде жүрген қазақстандық Ресей түрмесінде отырған

cover Фото: freepik.com

Іздеуде жүрген қазақстандық Ресей түрмесінен шыққан соң экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 

Ер адам 2021 жылы наурыз айында ауыр қылмыс жасаған. Атап айтқанда, күдікті Қостанай қаласында бірге ішімдік ішкен танысын ұрып-соғып өлтіріп қойған. 

Күдікті қашып кеткендіктен халықаралық іздеу жарияланды. Ол Ресей аумағына өтіп кетіп, тұрғындарға қарақшылық шабуыл жасаған. Кейін Ресей тарапы оны ұстап, соттады.

Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар