Іздеуде болған Ақтау әкімінің экс-орынбасары экстрадицияланды: нақты қандай қылмыс жасаған?

cover Фото: 716kz

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Іздеуде болған Тимур Сәдуақасов Өзбекстаннан Қазақстан аумағына жеткізілді. Қазір ол Шымкенттегі тергеу изоляторына қамалды. Алайда экс-шенеунікті Павлодарға алып барады. Себебі іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралады.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Тимур Сәдуақасов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.

Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін Өзбекстанның шекара қызметі тарапынан ұсталған еді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланғанын хабарлаған едік. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар