Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды

cover Фото: Алматы әкімдігі

Сайран көліне құятын Үлкен Алматы өзенінің арнасында интерактив арт-нысан бой көтерді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жобаға бюджет қаражаты жұмсалмаған. Нысан «Progression CA» ЖШС қаражатына салынды. 

«Композиция әлемде кең резонанс тудырған итті құтқару оқиғасына негізделген. Мүсінде бір-біріне қол ұшын созып, тізбек құра біріктірілген адамдар бейнеленген. Ол өзара көмек пен қолдауды бейнелейді», деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі. 

Нысан наурыз айының соңында ресми түрде ашылады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар