Ішкі істер министрлігінің жаңа ғимаратына 20 млрд теңге бөлінеді

cover Фото: Pexels

2025 жылы республикалық бюджеттен Астанадағы Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында Ішкі істер министрлігінің жаңа әкімшілік кешені құрылысына 20 млрд теңге бөлінеді.

Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады

Мәлімет 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында көрсетілген.

Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы Ұлттық ұланға арналған казармалар құрылысын қаржыландыруды жоспарлады. Бөлінген қаржы көлемі аймаққа қарай 600-700 миллион теңге аралығында.

Әскери қалашықтар салу да қарастырылған. Атап айтқанда Алматыда Ұлттық ұланның әскери қалашығын салуға 6,1 млрд теңге бөлінеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар