Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады

cover Көрнекі сурет. Фото: pexels.com

Егіздің анасы олардың туған әкесі бір жылға жуық уақыт бойы жүйелі түрде зорлағанын мәлімдеді. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, жәбірленуші тарап іс созбалаңға салынып отырғанын айтып Orda.kz редакциясына сұхбат берді. 

Егіздердің анасының айтуынша, Атырау облысы Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігінің 4-тармағы бойынша №22-23-30-31-30-135 қылмыстық ісі қаралып жатыр. Күдікті ретінде оның балаларының туған әкесі танылған.

Еске салар болсақ, егіздің анасы осы балалардың ЭКО-мен туғанын айтып, туған әкесі бір жыл бойы қалай зорлап келгенін айтып редакциямызға сұхбат берген. 

«Күдіктінің әкесінің туған сіңлісі Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы болып табылады. Іс 2023 жылғы 20 қарашада менің арызым бойынша қозғалған. Алайда екі жылдан астам уақыт ішінде бұл іс бірнеше рет, нақты айтқанда 6 рет тоқтатылған. Іс әдейі созылып, сотқа жолданбай отыр деп есептеймін», - дейді анасы.

Іс 2023 жылғы 20 қарашада оның арызы бойынша қозғалған. Алайда 2 жылдан астам уақыт ішінде іс алты рет тоқтатылған.

«Артырау облысының Полиция департаменті мен облыстық прокуратура педофилдердің мүддесін қорғап отыр деп санаймын. 2025 жылғы 7 сәуірде мен Астана қаласына барып, істегі барлық дәлелді Бас прокуратура мен ІІМ-ге жеке өзім тапсырдым. Сол күні кешке WhatsApp арқылы Бас прокуратурадан оны күдікті деп тану туралы қаулы алдым. Бұған дейін ол іс бойынша қорғау жағынан куә болған», – дейді ол.

2025 жылғы 7 сәуірде әйел Астанаға барып, істегі барлық дәлелді Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне жеке өзі тапсырғанын айтады. Сол күні кешке WhatsApp арқылы Бас прокуратурадан күдіктіні тану туралы қаулы алған. Бұған дейін ол іс бойынша куә ретінде қаралған. 

«Бұл қаулы 2023 жылғы 21 қарашада ҚР ҚК 124-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған істі 2024 жылғы 24 сәуірде ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігіне қайта саралау негізінде, қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап жиналған барлық дәлелдемелерді жан-жақты бағалау арқылы тергеуші тарапынан шығарылған. Істе даусыз, сенімді, жол берілетін және қатыстылығы бар дәлелдемелер жеткілікті. Соған қарамастан, тергеу басқармасы осы уақыт ішінде бір сараптаманы қайта-қайта тағайындап отыр», – дейді егіздің анасы.

Әйелдің айтуынша, істегі дәлелдер даусыз, сенімді және жеткілікті. Соған қарамастан, тергеу басқармасы бір сараптаманы бірнеше рет қайта тағайындап отырған.

«2025 жылғы 28 қарашада іс кезекті рет тоқтатылған. 17–18 желтоқсанда жәбірленуші тарап облыстық прокуратураға істі тоқтату туралы қаулының күшін жою жөнінде шағым түсірдім. Күдікті деп танылғанына 11 ай өтті, бірақ оған қатысты ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Ол әлі күнге дейін бостандықта жүр. Сондықтан мен бұл қылмыстық істі ҚР ІІМ Тергеу департаментіне беруді талап етемін», – дейді шырылдап, әділдік іздеген ана.

Әйелдің айтуынша, олар оны «құрметті адамдарға жала жапқаны» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Осы жағдайдан кейін ол ҰҚКД-ның антикоррупциялық басқармасына жүгінген. Алайда шағым қайтадан сол облыстық полиция департаментіне жолданған.

«Іс бір мекемеден екіншісіне жіберіліп, созылып жатыр. Уақыт өтіп барады», – дейді ол.

Orda.kz редакциясы аталған мәселеге қатысты құзырлы органдардың ресми пікірін алуға дайын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар