Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
Фото: wikipedia.org
Иран көшбасшысы шейіттердің қаны, әсіресе Минабта қаза тапқан жазықсыз қыздар үшін кек алудан бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz ИРНА-ға сілтеп.
Иранның жаңа көшбасшысы халыққа алғашқы үндеуін жасады. Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің жаңа көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің халыққа алғашқы үндеуін жариялады.
АҚШ пен Израиль шабуылы салдарынан оның отбасының бірнеше мүшесі — әкесі, жұбайы, әпкесі, жиені мен жездесі қаза тапты.
Өз үндеуінде Хаменеи соққылар салдарынан қаза болған азаматтар үшін Иран кек алудан бас тартпайтынын мәлімдеді.
«Біз шейіттердің қаны үшін кек алмай қоймаймыз. Біз жоспарлап отырған кек тек революцияның ұлы көшбасшысының қазасына қатысты емес, жау қолынан қаза тапқан әрбір ұлт өкілі — кек алуға жеке себеп», — деді ол.
Сондай-ақ ол Минаб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған соққыны ерекше атап өтті. Бұл шабуыл салдарынан 170-тен астам адам күнәсіз балалар мен мұғалімдер қаза тапқан болатын.
Иранның жаңа көшбасшысы Тегеран елге келтірілген залал үшін өтемақы талап ететінін де айтты.
«Біз жаудан өтемақы талап етеміз. Егер ол бас тартса, оның мүлкінен өзіміз қажет деп тапқан көлемде аламыз. Ал егер бұл мүмкін болмаса, сол көлемде оның мүлкін жоямыз», — деді ол.
Үндеуінде Хаменеи Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты да бірқатар мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Ормуз бұғазы жабық күйінде қалуы тиіс және аймақтағы қақтығыста Тегеран оны қысым тетігі ретінде пайдалана алады.
Иран көрші елдерге жау емес, бірақ негізгі нысана — америкалық әскери базалар екенін айтты. Ол Таяу Шығыс елдерін өз аумағындағы АҚШ базаларын жабуға шақырды.
Оның сөзінше, егер аймақтағы АҚШ базалары жабылмаса, олар соққы нысанасына айналуы мүмкін. Хаменеи аймақ елдері өз ұстанымын нақты айқындауы қажет екенін айтып, Вашингтонның қауіпсіздік туралы уәделерін «жалған» деп атады.
Оқи отырыңыз:
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін