Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты

cover Фото: Fabrice Coffrini

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ирандағы мұнай нысандарына жасалған соққылардан кейінгі ластану туралы ескертті, деп хабарлайды Orda.kz. 

ДДҰ Ирандағы мұнай нысандарына жасалған америкалық-израильдік соққылардан кейін экологиялық және санитарлық мәселе туындауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус бұл туралы X әлеуметтік желісінде ақпарат таратты. Ол кейбір аймақтарда «мұнай аралас жаңбыр» жауғаны тіркелгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ластану елдегі ауаның, судың және азық-түліктің сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

ДДҰ халық денсаулығы мен қоршаған ортаға келетін зиянды азайту үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.

“Мен барлық тараптарды шиеленісті бәсеңдетуге, адамдардың денсаулығына, медицина мекемелері мен қызметкерлеріне төнетін қауіптің алдын алуға және қақтығыстың аймаққа одан әрі таралуына жол бермеуге шақырамын», — деді ұйым басшысы. 

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын мұнай нысандарына жасалған соққы салдарынан Тегеранда қара жаңбыр жауған еді. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар