Ирандағы қантөгіс: Жүздеген адам қаза тапты, жаппай тұтқындаулар мен өртке оранған мешіттер
Фото: Әлеуметтік желіден
Иранда наразылықтар желтоқсан айының соңынан бері тоқтаған жоқ. Кейбір деректерге сәйкес, қаза тапқандардың саны жүздеп саналады. Ел аумағында интернеттің өшірілуіне байланысты келіп жатқан ақпаратты тексеру өте қиын. Orda.kz қазіргі уақытқа дейінгі жағдайға шолу дайындады.
CNN мәліметінше, Тегеран провинциясындағы аудандардың бірінде Иран билігі шамамен 100 адамды ұстаған. Әңгіме астана маңындағы Бахарестан ауданы туралы болып отыр. Ұсталғандар қоғамдық тәртіпті бұзды және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталды. Бұл туралы Tasnim агенттігіне жергілікті шенеуніктердің бірі хабарлаған.
Оның айтуынша, тұтқындалғандардың бір бөлігі бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштеріне қарсы атыс қаруын және суық қаруды қолданған көрінеді. Алайда нақты оқиғалар бойынша егжей-тегжейлі мәлімет берілмеген.
Сонымен қатар құқық қорғаушылар наразылықтардың салдары әлдеқайда ауқымды екенін айтып отыр. АҚШ-та орналасқан HRANA агенттігінің дерегіне сәйкес, ел бойынша екі аптаға созылған үкіметке қарсы шерулер кезінде кемінде 65 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 14 — қауіпсіздік құрылымдарының қызметкерлері, 48 — наразылық білдірушілер. Ал ұсталғандардың жалпы саны 2300 адамнан асқан.
Америкалық Time журналы бұдан да қатаң жағдайлар келтіреді. Басылым денсаулық сақтау саласындағы дереккөздерге сілтеме жасап, қаза тапқандар саны кемінде 217 адамға жеткенін жазады. Өлімдердің басым бөлігі атыс қаруынан болған жарақаттармен байланысты. Тек Тегерандағы алты аурухананың өзінде, журнал мәлімдеуінше, негізінен жастардан тұратын жүздеген наразылық білдірушінің қаза тапқаны тіркелген. Алайда басылым бұл мәліметтерді өз бетінше тексеру мүмкін болмағанын атап өтеді.
Фото: Әлеуметтік желіден
Осы тұста наразылықтарға қатысты риторика да күшейе түсті. Шах әулетінің бұрынғы мұрагері Реза Пехлеви наразылық білдірушілерді тек митингілермен шектелмей, қалалардағы маңызды нысандарды басып алып, ұстап тұруға дайындалуға шақырды. Ал Иран билігі бұған дейін акцияларға қатысушыларды өлім жазасымен қорқытқан болатын.
Наразылыққа шыққандардың өз ішінде де жікшілдік байқалуда. БАҚ деректері мен әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, Тегерандағы тәртіпсіздіктер кезінде ондаған мешіт өртелген. Сонымен қатар мониторингтік топтар ел ішінде интернеттің дерлік толық өшірілгенін тіркеуде.
Ирандағы жағдайға пікір білдірген Дональд Трамп Ақ үйдегі брифинг барысында: егер ирандық қауіпсіздік күштері демонстранттарға оқ ататын болса, АҚШ елге жаңа соққы жасайтынын жоққа шығармайтынын мәлімдеді:
«Егер олар оқ атса, біз де атамыз», — деді ол.
Ирандағы наразылықтар желтоқсан айының соңынан бері жалғасып келеді. Оған елдегі терең экономикалық дағдарыс себеп болды: инфляция деңгейі 42 пайыздан асып, иран риалы долларға шаққанда 1,42 миллионға дейін құнсызданып, антирекорд орнатты. Осы жағдайдың аясында көшедегі шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, билік күштік қысымды күшейтті.
Тақырыпты тереңірек білгіңіз келсе:
- Прокурор оларды террористке теңеді: Ирандағы тәртіпсіздікке қатысқандарға өлім жазасы қаупі төніп тұр
- Иранда наразы халық Солтүстік Хорасан прокурорын тірідей өртеп жіберді
- Ирандағы наразылықтың мақсаты монархты қайтару емес
- Қымбатшылық наразылығынан тұтанған Ирандағы «Қаңтар оқиғасы» қалай жалғасуда
Жаңалықтар
- Женевадағы АҚШ пен Иран келіссөздері: 440 келі байытылған уран елден шығарылсын
- «Бұрынғыдан да жақсы болады»: Садыр Жапаров Ташиевтің қызметтен кеткенін трагедияға айналдырмауды сұрады
- 32 жыл күткен алтынның бағасы: Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар, екі пәтер және көлік
- Жазда самокатпен жүру тәртібі өзгеріп, қатаң талаптар енгізіледі
- Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов референдум туралы жарияланымдары үшін ұсталды ма?
- Қабырғаны бұзып кірген: Павлодардағы банкті тонады деген 4 күдікті Ресейде ұсталды
- Пезешкиан: Хаменейдің ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі пәтуасы бұзылмайды
- Рим папасы уағыз дайындауда ЖИ қолданбауға шақырды
- Шымкентте 7 жасар қызға мұғалімі азғындық жасады деген шағымнан кейін іс қозғалды
- Биыл БҚО-да су тасқыны бола ма? Мамандар жауап берді
- Қазақстандық блогердің күйеуі сталкиң үшін 25 тәулікке қамалды
- Экс-күйеуінің сұхбаты үшін сотқа жүгінген Дариға Бадықова жеңіліп қалды
- «Қылмыскерді көруге келдіңдер ме?» Нұрлан Сабуров алғашқы концертін берді
- Мұрат Әбділдә түрмеден тіл қатып, ісіне өкінетінін мәлімдеді
- 5-сынып оқушысы мектептегі қысымнан кейін өзіне қол жұмсамақ болды
- «8 келі синтетикалық есірткі алған сәтінде ұсталды». ҰҚК халықаралық есірткі контрабандасы арнасын жойды
- Луврдағы қарақшылық: Мұражайға жаңа басшы тағайындалды
- Зеленский Трамппен нені талқылады?
- Бүгін Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
- Қызылордада мектеп оқушысының жыныстық құлдыққа түсуі: Клиенттерге қатысты іс бөлек қаралуда