Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
Фото: cont.ws
Иранда қаңтар айындағы жаппай наразылықтарға қатысқан үш адам құқық қорғау органдарының екі қызметкерін өлтіргені үшін дарға асылды, деп хабарлайды Orda.kz Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, сотталғандар қаңтарда өткен наразылық кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтірген. Тіпті, тергеу барысында қылмысқа барғанын мойындаған. Сонымен қатар, оларға АҚШ пен Израильдің мүддесіне әрекет етті деген айып тағылған.
Еске салсақ, Ирандағы наразылықтар 2025 жылдың желтоқсан айының соңында ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты басталған еді. Кейін ол жаппай тәртіпсіздік пен билікке қарсы наразылыққа ұласты. Елде интернет жұмысы шектелді. Иран билігінің мәліметінше, елдегі наразылықтар барысында кемінде 5 мың адам қаза тапқан, олардың ішінде шамамен 500-і қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.
Сонымен қатар, HRANA құқық қорғау ұйымы 3 308 адам қаза тапқаны расталғанын, тағы 4 мыңнан астамының жағдай тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Құқыққорғаушылардың дерегінше, ұсталғандар саны 24 мыңнан асады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды
- Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз
- Трамп: Израиль енді Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орны нысандарына соққы жасамайды
- Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
- Наурыз көже: жеті дәмнің мәні мен ғасырлардан жеткен аңыздар