Иранда әйелдерге мотоцикл айдауға және жүргізуші куәлігін алуға рұқсат берілді
Фото: un.news
Иран билігі әйелдерге жасалған көп жылдық қысымды жеңілдетті. Енді ирандық қыз-келіншектер мотоцикл жүргізу үшін ресми куәлік ала алады, деп хабарлайды Orda.kz Iranintl.com сайтына сілтеп.
Бұған дейін әйелдерге мотоцикл жүргізуге тікелей тыйым салынбаған. Алайда іс жүзінде полиция оларға лицензия беруден бас тартып келген. Жаңа ереже бойынша, ирандық әйелдерге мотоцикл сатып алуға және тіркеуге рұқсат етілді.
Қаулыға сәйкес, жол полициясы әйелдердің жол жүрудегі практикалық даярлығын қамтамасыз етуге, емтихандарды құқық қорғау органдарының тікелей бақылауымен өткізуге және әйелдерге мотоцикл басқаруға арналған ресми жүргізуші куәлігін беруге міндетті.
Бұл шешім елде болған ауқымды наразылықтар аясында қабылданды. Бастапқыда экономикалық қиындықтардан туындаған бұл шеру өткен айда жалпыұлттық үкіметке қарсы бас көтеруге ұласты. Оларды басып-жаншу көптеген адам шығынына әкелді. Билік 5 мыңнан астам адамның қаза тапқанын айтса, құқық қорғау ұйымдары бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екенін айтады.
1979 жылғы Ислам революциясынан кейін Ирандағы әйелдер қатаң әлеуметтік шектеулерге тап болды. Олардың қоғамдық ортадағы орны елеусіз қалды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған