Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды

cover Фото: Бейнеден скриншот

Бүгін таңертең Минабта қырғын құрбаны болған жазықсыз мектеп оқушыларын жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Orda.kz.

Таңертең Минаб қаласында сұмдық қырғынның құрбаны болған 165 оқушы мен мұғалімнің денесі жер қойнына тапсырылып, қоштасу рәсімі өтті, деп мәлімдеді Иран БАҚ-тары. 

Бұған дейін АҚШ пен Израиль жасаған соққылар кезінде  Минаб қаласында зымырандардың бірі қыздар мектебіне түсіп, қазақ тапқандар саны күннен-күнге өсіп жатты.

Жергілікті басылымдар сол күні  қаза тапқандар арасында оқушы қыздар мен олардың отбасы мүшелері бар екенін хабарлады. Кейбір ата-аналар балаларын мектеп ғимаратының алдында күтіп тұрған кезде соққыға ұшыраған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр, қиранды астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар