Иран МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатты
Фото: Pixabay
Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) өзара әрекеттесуді тоқтататынын және Мысырда жасалған келісімді жүзеге асыруды кейінге қалдырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Eadaily-ге сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Каир келісімінің әрекеті тоқтатылды және біз ядролық бағдарлама мәселелері бойынша МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты доғардық», — деді ол Иран теледидарының тікелей эфирінде.
Министрдің айтуынша, агенттіктің ынтымақтастықты жалғастыру туралы кез келген сұранысы енді Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы кеңесінде қаралатын болады.
Келісім 9 қыркүйекте қол қойылған және Тегеран мен агенттік арасындағы ынтымақтастық шеңберін айқындаған. Алайда Иран билігі құжат БҰҰ санкциялары енгізілгеннен кейін күшін жойды деп мәлімдеді.
28 тамызда Ұлыбритания, Франция және Германия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін 2015 жылғы ядролық келісім аясында алынған халықаралық шектеулерді қалпына келтіру тетігін іске қосқаны туралы хабардар етті. 19 қыркүйекте Қауіпсіздік Кеңесі санкцияларды қайта жаңғыртпау туралы қарар жобасын қабылдамай тастады, және 28 қыркүйектен бастап шектеулер қайта күшіне енді.
Мәскеу мен Тегеран бұл әрекеттердің заңдылығын мойындамады, еуропалық елдердің келісім шарттарын бұзғанын және АҚШ-тың одан шыққанын еске салды. Иран билігі басқа мемлекеттерді жаңа қарарларды орындамауға шақырды.
Шектеулерге ядролық қызметке қатысты технологиялар мен материалдарды жеткізуге тыйым, ауыр қару-жарақтар мен баллистикалық зымырандар өндіруге арналған технологияларды беру тыйымы, сондай-ақ Иранның шетелдегі активтерін бұғаттау кіреді.
Қыркүйек айының соңында Иран санкциялар қатерінен сескеніп Берлин, Париж және Лондоннан елшілерін шақыртып алды. Дегенмен Ресей БҰҰ санкцияларына қарамастан Иранның ядролық энергетикасын қолдады.
Биылғы маусым айының ортасында Израиль - Иран қақтығысы кезінде Дубайдан шыға алмай қалған қазақстандықтар үйлеріне аман-есен оралады.
Негізінде Иран МАГАТЭ-мен ынтымақтастығын тоқтатуға дайын екенін қыркүйекте мәлімдеген болатын. Иранның Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз мәлімдемесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкцияларын жаңарту аясында жасады. Оған Ұлыбритания, Франция және Германия бастамашы болды, олар Иранды ядролық қарудан бас тартуды қарастыратын 2015 жылғы келісімді бұзды деп айыптады.
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп бастады
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз