Иран Израильге тағы да оқ жаудырды, ал БҰҰ қауіпті шиеленіс туралы ескертеді
Фото: Pixabay
БҰҰ бас хатшысы АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына соққысын қауіпті өршіту деп атады, ал Иран режимі уранды байытуды тоқтатпайтынын мәлімдеп, Израильге оқ жаудыруын жалғастырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Би-Би-Си орыс қызметінің ақпараты бойынша, Иран АҚШ-тың елдегі ірі ядролық инфрақұрылым нысандарына шабуылынан кейін Израильді атуды бастады. Шабуылды Израиль Қорғаныс армиясы растады. Жергілікті БАҚ Израиль бойынша 25-35 баллистикалық зымыран ұшырылғаны туралы хабарлады. Зымыран сынықтары құлаған жерде өрт шығып, бірнеше адам жарақат алды.
Хуситтер Иранға қолдау білдірді. Хуситтер саяси бюросының мүшесі Мохаммед әл-Бухейти «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында «АҚШ-тың жауабы - уақыт талабы» деп мәлімдеп, Иран оларға көмек сұрамағанын, бірақ олар сұрауды күтпеуді ұйғарған.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққысын «қауіпті эскалация» деп атады.
«Осы қауіпті уақытта хаос тудырмау өте маңызды. Әскери шешім жоқ. Болашақтың жалғыз жолы - дипломатия. Жалғыз үміт – бейбітшілік», - деп есептейді Гутерриш.
Оның пікірінше, Таяу Шығыстағы қақтығыс тез арада бақылаудан шығып, апатты салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Ал Иран уранды байытуды тоқтатпайды. Атом энергетикасы жөніндегі ұлттық агенттіктің Reuters агенттігі келтірген мәлімдемесінде Иранның ядролық инфрақұрылымын білдіретін «елдің өнеркәсіптік дамуын» тоқтатуға жол бермейтіні айтылған.
Сондай-ақ, агенттік АҚШ-тың әрекеттерін халықаралық құқықты және Ядролық қаруды таратпау туралы шартты бұзу деп есептейтінін мәлімдеп, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікті (МАГАТЭ) осыған жол берді деп айыптады.
22 маусымда АҚШ әскери-әуе күштері Иран аумағындағы үш ядролық нысанға - Фордо, Натанз және Исфаханға әуе шабуылын жасады. Дональд Трамп өз халқына үндеу жасап, операцияны табысты өтті деп атады.
АҚШ президенті Дональд Трамптың хабарлауынша, америкалық әскерилер Иран аумағындағы үш ядролық нысанға – Фордо, Натанз және Исфаханға әуе соққыларын жасады.
Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газа тұрғындарын біздің елімізге көшіру туралы желіде желдей есіп жүрген сыбыстарды жоққа шығарды.
Иранның Жоғарғы көшбасшысы өзі қаза тапқан жағдайда кімнің мұрагер болатынын атады.
Жаңалықтар
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр