Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды

cover Фото: Pixabay

Иран билігі Түркия елінің егемендігіне құрмет білдіре отырып, оларға жасалған соққыны жоққа шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Iribnews-тің хабарлауынша, Иран мен Түркия елдері арасындағы достық қатынас бар.

«Иран Ислам Республикасының қарулы күштері көрші және дос ел Түркияның егемендігіне құрметпен қарайды және сол елдің жеріне кез келген зымыран атылғанын жоққа шығарады» деп жазды Иранның қару-жарақ күштерінің Бас штабы. 

Бұған дейін Иран Түркиядағы АҚШ-тың әскери базасына соққы жасады деген ақпарат тараған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар