Иран аспаны қауіпті: Air Astana мен FlyArystan Дубай мен Мысыр бағыттарын өзгертті

cover Фото: instagram.com/airastana

Иранның әуе кеңістігі жабық. Air Astana және FlyArystan жаңа бағыттар бойынша қандай рейстер ұшатынын және жол жүру уақыты қалай өзгеретінін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.       

Еліміздің Air Astana және FlyArystan авиакомпаниялары Иранның әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бағыттарды қайта қарап жатқанын хабарлады. БАӘ, Египет, Катар және Сауд Арабиясына ұшуды жоспарлаған жолаушылар кестедегі өзгерістерге дайын болуы тиіс.

Қандай бағыттар соққыға тап болуы мүмкін? Өзгерістер ең танымал курорттық және іскерлік бағыттарға қатысты.

Енді Иран аумағын айналып ұшатын рейстер:

  • Дубай (БАӘ)
  • Шарм-эль-Шейх (Египет)
  • Доха (Катар)
  • Медина (Сауд Арабиясы)

FlyArystan жолаушылары үшін маңызды ақпарат бере кетейік:  Авиакомпания 2026 жылғы 17 қаңтардағы Атырау - Доха және Ақтау - Дубай рейстеріне ықтимал түзетулер болатынын ескертті. Қазір лоукостер ұшудың жаңа траекторияларын пысықтауда.

Айналып ұшу - бұл әрқашан жолдағы қосымша уақыт және түйісу рейстері кезінде мүмкін болатын кідірістер екені белгілі. Дегенмен авиакомпаниялар қауіпсіздік басымдықта екенін, сондықтан уақытша қолайсыздықтар болмай қоймайтынын айтып жатыр.

Жолаушылар не істеуі керек?

Міндетті түрде статусыңызды тексеріңіз, бақылап отырыңыз. Кесте кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Өзекті ақпаратты мобильді қосымшалардан және тасымалдаушылар сайттарынан іздеңіз.

Байланыс үзілмеуі тиіс. Ақпарат билет сатып алу кезінде көрсетілген нөмірге SMS және WhatsApp арқылы жіберіледі.

Шұғыл байланысуға болатын телефон:

Air Astana (кешіктіру/болдырмау): +7 (727) 244 44 78 байлыс нөмірі ашық.

Еске салсақ, былтыр маусымда Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс себебінен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әуе компаниясы Flydubai бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде ТМД елдеріне ұшуларды уақытша тоқтатқан болатын. Себебі 2025 жылғы 13 маусым күні таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына  соққы жасады.


Иранға қатысты соңғы жаңалықтарды оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар