Иран АҚШ базаларына шабуыл жасамақшы: Израильге шабуыл жалғасады
Иран Құрама Штаттарды, Ұлыбритания мен Францияны Тегеранның Израильге шабуылына тосқауыл қоюға тырысатын болса, өңірдегі әскери базалары мен кемелеріне соғылуы мүмкін соққылар туралы ескертеді, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Мәлімдеме Иран-Израиль қақтығысы шиеленіскен кезде жасалды. Иран Fars агенттігінің мәліметінше, 14 маусымға қараған түні Иран «Нағыз уәде-3» операциясын жалғастырып, Израильдің әскери орталықтарына, авиабазаларына және әскери-өнеркәсіптік нысандарына шабуыл жасады. Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы генерал Ахмад Вахидидің мәлімдеуінше, F-35, F-16 және F-15 жойғыштары тұрған базаларды қоса алғанда, барлығы 150-ден астам нысана атылды.
13 маусымға қараған түні Израиль «Көтеріліс арыстаны» әскери операциясын бастағаннан кейін Тегеран ядролық қару жасауға жақындап қалды деп жауап қайтарды. Шабуыл нәтижесінде Иранның ядролық және әскери инфрақұрылым нысандары, сондай-ақ жоғары дәрежелі ирандық әскери және ғалымдар орналасқан ғимараттар зақымдалды.
Иран әскерилері қақтығыс «өткен түннің әрекеттерімен аяқталмайды», ал соққылар «агрессорлар үшін өте ауыр әрі қатерлі» болады деп мәлімдеді. Оның үстіне, Тегеран ресми түрде АҚШ пен оның одақтастары араласқан жағдайда, соққылар олардың өңірдегі базаларына да кеңейтілетінін ескертеді.
Fars мәліметінше, Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына таяу күндері соққы беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұған дейін жауап соққыға негізделген қарсы операция аясында Израиль аумағына кемінде 100 зымыран атылған болатын.
Бұған дейін Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 200-ден астам ұшақ пен 330-дан астам оқ-дәрілерді қолданып, Ирандағы 100-ден астам нысанға, соның ішінде ядролық нысандарға соққы бергенін мәлімдеді.
Ал Иран болса Израильдің шабуылынан кейін АҚШ-пен ядролық бағдарлама тұрғысындағы келіссөздердің «мәні жоқ» екенін айтты.
Жаңалықтар
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр