Ипотека алушылар қаржылық бақылау агенттігі ғимаратының алдында түнемекші

cover

Ипотекалық несие алған бір топ адам мәселелерін естіртпек үшін Алматыдағы қаржылық бақылау агенттігі ғимаратының алдына жиналды.

Ақпарат Аззаттық Радиосында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Белсенділер баспаналарын сақтап, қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысуды қамтамасыз етуді талап етті.

Қанағат Тәкееваның айтуынша, олар өздерінің мәселелеріне назар аудару үшін әкімшілік ғимараттың алдында түнеуді жоспарлап отыр.

—  Керекті заттарымызды ала келдік. Қазір шатырлар әкелінеді, біз бүгін түнде осында қалғымыз келеді. Несие бойынша мәселелеріміз шешілгенге дейін осында боламыз. Cебебі шексіз уәделерден шаршадық. Біз қайда бармадық?! Президент Әкімшілігіне, Ұлттық банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, тіпті екінші деңгейлі банктердің басшыларымен де кездестік. Барлық мемлекеттік қызметкерлер мәселені шешу керек екендігімен келіседі. Барлығы да жақын арада мәселелер қаралады деп уәде береді, бірақ он бір жыл ішінде ешқандай шешім қабылданбады, - деді Тәкеева.

Белсендінің айтуынша, оларға шағын және орта бизнес өкілдері қосылуда. Олар қазіргі жағдайға байланысты несие төлей алмай, бизнестерінен айрылу алдында тұрғандарын жеткізді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар