«Интер» мен «Қайрат» арасындағы матчта қазақстандық және италиялық жанкүйерлер төбелесіп қалды

cover Фото: бейнекадрдан үзінді

Миланда өткен матчта қазақ жанкүйерлері италиялық жанкүйерлермен төбелесіп қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға жанкүйерлер отыратын секторда болған. Бейнероликте қазақстандықтар мен италиялықтардың бір-бірін соққыға жығып жатқаны көрінеді. Бейнежазба «Қайрат» жанкүйерлерінің парақшасында жарияланған.

Пікір жазатын жерде «Интер» жанкүйерлерінің өздері қонақтарға әдейі тиіскені айтылған.

«Біздің таныстарымыз сол маңда отырған. Олардың айтуынша, жоғарыда отырған “Интер” жанкүйерлері төмендегі “Қайрат” жанкүйерлеріне түкіріп, бастарына сыра құйып, балағаттаған. Біздікілер көп ойланбастан бірден төбелес бастап кеткен» деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасы аясында «Интер» өз алаңында «Қайратты» қабылдап, отандық клуб италиялықтардың гол өткізбей келе жатқан сериясын тоқтатты. Есеп 2-1 айырмасымен аяқталып, алматылықтар есе жіберді.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар