Imanbek Billboard Awards марапатын иеленді

cover

Қазақстандық Иманбек Зейкенов Billboard Awards марапатын иеленді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Billboard Awards марапатын алдым, бұл Grammy сияқты. Қоржынға + 1, - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Billboard Awards –музыкалық жетістік үшін берілетін жүлде. Марапатты америкалық Billboard музыкалық баспа басылымы табыстайды.

Иманбек жүлдені Saint Jhn орындайтын «Roses» әнінің ремиксі үшін «Үздік би/электронды ән» номинациясы бойынша жеңіп алды.

Еске салсақ, Imanbek бұған дейін «Грэмми» сыйлығын алған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар