Имам ер адамдарға гинеколог болу харам екенін айтты
Фото: instagram/daniyar_kenzheuly
Имам Данияр Кенжеұлы шариғат бойынша ер адам үшін гинеколог маманы болу – харам деп мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Кенжеұлының айтуынша, «ешбір ер адам өзге біреудің әйелін шешіндіріп, тексеруге құқығы жоқ».
«Қалай сен әйеліңді бөтен еркектің алдына бұтын ашып, талтайтып жатқызып қоясың? Бұл арсыздық. Сол үшін ерлер басқа мамандық таңдауы қажет»,деді Данияр имам.
Әлеуметтік желі қолданушылары мәселенің қисынсыз тұстарын атап өтті. Журналист Сырым Итқұлов былай дейді:
«Егер осы логикамен қарайтын болсақ, онда ер адамдарға кардиолог болуға да болмайды. Өйткені инфарктпен келген әйелге көмектесу үшін де дәрігер оның киімін шешіп, тексеру жүргізуге мәжбүр болады».
Соңғы кездері кей имамдардың түрлі тақырыптарда шектен тыс пәтуа беруі қоғамда сынға ұшырап жүр. Бұған дейін кейбір дін өкілдері домбыра тарту, музыка тыңдау, спортпен шұғылдану сияқты әрекеттерге тыйым салу жөнінде пікір білдірген еді. Енді олардың назары медицина саласына ауысты.
Әлеуметтік желілерде таралған пікірлерде кей азаматтар дін қызметкерлерін елдегі маңызды әрі жүйелі мәселелерге – сыбайлас жемқорлық, әділетсіздік пен Шерзат Полаттың өлімі секілді резонанс тудырған оқиғаларға назар аударуға шақырды.
«Домбыра харам, гинеколог харам, әуретті жерлер туралы лекция оқиды... Қашан біреу коррупцияны харам деп, әділетсіз сот шешімдеріне қарсы шығады? Шерзатты өлтіргендерге неге үн қатпайды?» – деп жазды Итқұлов.
Еске сала кетейік, Дарын Мүбаров берген сұхбатында «дінге қызмет еткен» адам болса, домбыраны қой деп айтуымыз мүмкін деп жауап берген болатын. Тілшіміз мүфтиятқа арнайы сауал жолдап, оны тыңдау қаншалықты дұрыс екенін сұраған еді.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды