Илон Масктың әкесіне өз балаларын зорлады деген айып тағылды
Фото (Илон Маск): Trevor Cokley (Wikimedia Commons, Public Domain).
79 жастағы Эррол Маскқа қатысты күдік 90-жылдары-ақ пайда болған. Алайда ол мұның бәрін ойдан шығарылған дейді. Оны өз балалары мен өгей балаларын қоса алғанда бес балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткеніне қатысты айыптап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Bild-тің New York Times-қа сілтеме жасап жазған мәліметінде, алғашқы айыптаулар 1993 жылы шыққан. Ол кезде төрт жасар өгей қызы туыстарына әкесі «оған әдепсіз әрекет істеп тиіскенін» айтқан екен.
Кейін отбасының басқа мүшелері де оның екі қызына және бір өгей ұлына қысым жасағанын мәлімдеген. Барлығы іске қатысты үш тергеу басталып, оның екеуі дәлел болмай жабылып қалған, ал үшіншісінің тағдыры белгісіз. Масктың әкесі айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарды.
«Ешқандай дәлел жоқ, өйткені бұл – сандырақ», – деп қысқаша қайырды ол.
Оның сөзінше, туыстары балаларды қасақана айдап салып, Илона Маскқа қаржылық қысым көрсеткісі келген. Айта кетейік, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас бұрыннан нашар. Илон Маск әкесін сирек еске алады, еске алса да әдетте теріс баға беріп сипаттайды.
2017 жылы Rolling Stone-ға берген сұхбатында ол әкесін «елестетуге болатын барлық жамандықты жасаған адам» деп атады. Сондай-ақ, бала кезінде жалғыз қалған әкесін аяп, оның қасына көшіп барғанын, бірақ қазір бұл шешімін «сәтсіз идея» деп санайтынын мойындады.
Илон Масктың өзі де балаларымен жақсы қарым-қатынаста емес. Биыл көктемде оның қызы, трансгендер тұлға Вивиан Дженна Уилсон әкесін «аянышты, есеймеген ер адам» деп атады.
Еске сала кетейік, былтыр Илон Маск SpaceX-Тегі әйелдермен қарым-қатынаста этика нормаларын бұзып, жыныстық емеурін көрсеткен деген ақпарат тарап кетті.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды