Іле ауданындағы тұрғындар депутат Нұрлан Байғазиевтің әрекетіне наразы болды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Іле ауданындағы тұрғындар депутат Нұрлан Байғазиевтің әрекетіне наразы болды. Олардың айтуынша, халық қалаулысы көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы екі пәтерді қайта жоспарлап, оларды жеке кеңсеге айналдырмақ болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Шенеуніктің бұл бастамасы тұрғындардың көңілінен шықпады. Себебі жөндеу жұмыстары барысында балкон бұзылған, ағаштар рұқсатсыз кесілген.
Сонымен қатар, депутаттың мінез-құлқы да халықтың ашуын туғызған. Куәгерлердің айтуынша, Байғазиев ауладағы әйелдермен дөрекі сөйлесіп, тұрғындарды қуып шыққан. «Сендер бұл жерде ешкім емессіңдер» деп пәтер мен тіркеу құжаттарын талап еткен. Бұл оның қызметтік өкілеттігіне жатпайды. Сондай-ақ, тұрғындарға «дау көтерем» деп қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді.
Тұрғындар қадағалаушы органдардан депутаттың әрекетіне назар аударуды сұрайды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды