ІІМ Шерзат ісі жылдың соңына дейін аяқталатынын айтты

cover Фото: видеодан кадр

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат ісін тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан Парламент Сенатында Санжар Әділов 16 жастағы жасөспірімнің өлімін тергеуді жыл соңына дейін аяқтап, тергеу нәтижелерін екі тарапқа да (жәбірленуші мен күдіктілер) жіберетінін айтты.

– Қылмыстық іс бойынша бізде 11 күдікті қамауға алынды. Биылғы жылдың соңына дейін біз барлық тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық істі жәбірленушілер мен күдіктілердің қарауына жібереміз. 

Айта кетейік, 13 желтоқсан күні Алматы облысының прокуратурасы енді қандай процестер қалғанын жариялаған болатын. Прокуратура қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталғанын мәлімдеген еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар