ІІМ Kyzdar.net сайтын неге біржола бұғаттай алмай отыр?
Фото Hacked.com
Kyzdar.net сайты заңсыз контент таратқаны үшін бірнеше рет бұғатталғанымен, қайта-қайта желіге шығып отырады. Ішкі істер министрлігі сайт әкімшілігінің домендерді жиі ауыстыруы кедергі болып жатқанын айтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресми дерек бойынша, сайттың күнделікті табысы 2 миллион теңгеге жеткен.
«Бұл бағытта ІІМ тиісті сұраныс хаттарды тұрақты түрде жолдап отырады. Қазіргі таңда екі министрліктің бірлескен жұмыс тобы құрылып, «Kyzdar.net» сайты мен оның балама домендерін жедел әрі жүйелі түрде бұғаттаумен айналысып жатыр. Бірақ сайт әкімшілігі домендер мен сілтемелерін үнемі өзгертіп, қайтадан қолжетімді етуге тырысады. Осы себепті жаңа парақтарды анықтап, шектеу қою жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр», деп түсіндірді министрлік.
Айта кетейік, 2023 жылдың наурызында Kyzdar.net сайтының негізгі ұйымдастырушылары қолға түскен еді. Анықталғандай сайт күн сайын шамамен 2 миллион теңге табыс әкеліп отырған. Жылдық пайдасы болса, 2 миллиард теңгеге жуықтаған.
Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраеваның жалған профилі Kyzdar.net сайтында пайда болған еді. Ибраева сол кезде сайтта фейк-анкета жеке өмірге қол сұғу, ар-намысты қорлау және іскерлік беделге нұқсан келтіру әрекеттерінің көп екенін айтқан еді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды