ІІМ академиясының курсанты Алматыда 17 жастағы қызды ұрды деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com
Әлеуметтік желі қолданушысы өзінің кәмелетке толмаған сіңлісін академия курсанты ұрып-соққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жазба авторы болған оқиғаны егжей-тегжейіне дейін баяндап берді. Оның айтуынша, қыз бен жігіт сағат 17:00-ге дейін сөйлесу үшін жолығады. Қыз жігіттің көлігіне отырған. Жігіт қыздан ұялы телефонын сұрайды. Алайда қыз телефонын бергісі келмейді. Жігіт ашуға булығып, қызды белбеуімен және қолымен тұншықтыра бастайды. Жігіт қыздың шашынан ұстап, көліктен жерге құлатып, тепкілеген. Қыз қашып кетпек болғанымен жігіт оған мүмкіндік бермепті.
Алматының полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізілгенін хабарлады.
«Жәбірленуші ата-анасымен бірге өтініш жазудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады. Осы мән-жайларды ескере отырып және қадағалау органының келісімімен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу заңда көзделген тәртіппен тоқтатылды», деп хабарлады ПД.
Осыған қарамастан, ІІМ Алматы академиясының тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша бұл оқиғаға қатысы бар курсант оқу орнынан шығарылды.
Айта кетейік, Астанада ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блогер ұсталды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу