Иерусалимдегі лаңкестік шабуыл: үш адам қаза тапты

cover

Иерусалимдегі автобус аялдамасындағы лаңкестік әрекеттен үш адам қаза тауып, алтауы жараланды.

«Ауыр жарақаттанған екі адамды - 73 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйелді құтқару шаралары жүргізілгеніне қарамастан екеуі де қаза тапты. Тағы бір әйел оқиға орнында көз жұмды» деп жазады басылым.


Төрт зардап шегуші ауруханада жатыр, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, біреуі қолынан оқ жарақатын алды.

Аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі Алон Шварцтың айтуынша, зардап шеккендердің барлығына оқ тиген.

Иерусалим мэрі астанада қауіпсіздік шараларын күшейтуді бұйырды.

Полицияның мәліметінше, шабуылды екі ер адам жасаған. Сағат 7:40 шамасында олар аялдама маңында көліктен түсіп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған.

Полиция операциясы барысында екі қаскөйдің жер жастанғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар