«Идеология емес, ұлттық мүдде»: Тоқаев Қазақстанның жаңа геосаяси таңдауын айтты
Фото: Ақ үй
Қазақстан президенті өз елінің АҚШ үшін сенімді әрі адал серіктес болатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Orda.kz The national interest сайтына сілтеп.
Тоқаев Дональд Трамптың шақыртуымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға барып сөз сөйледі. Тоқаев сөзін әлемдегі саяси ахуалдың күрделеніп бара жатқанынан бастады.
«Әлем тұрақтылығын жоғалтып барады. Қақтығыстар көбейіп, геосаяси бәсекелестік күшейіп келеді. Ал халықаралық институттар тығырыққа тіреліп, поляризация және қоғамдық сенімнің төмендеуі салдарынан бұрынғыдан да әлсіреп кетті.
Соның салдарынан жаһандану идеясы әлем бойынша жүздеген миллион адамның көз алдында біртіндеп өзінің заңдылығы мен сенімін жоғалта бастады», — деді Тоқаев.
Қазақстан президенті әлем елдері ынтымақтастықтан бас тартпайтынын, тек иллюзиядан қорқатынын баса айтты.
«Қалыптасып келе жатқан жаңа доктрина айқын: тәртіп құқық үстемдігіне, жауапкершілікке, болжамды міндеттемелерге және мәдени әрі ұлттық болмысты құрметтеуге негізделуі тиіс. Бұл оқшаулану емес. Бұл – саяси кемелдік», —деді ол.
Сондықтан Тоқаев Трамптың бастамасымен Бейбітшілік кеңесінің құрылуы – алға жасалған маңызды қадам екенін айтты. Ақ үй шын мәнінде жаңашыл тәсілді ұсынғанын жасырмады.
Қазақстан президенті Трамп стратегиясына қатысты саяси қағидаттарға оң көзқарас танытты.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келіп, отандастарымызбен кездесті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Атырауда алтыннан қымбат «Алтын белгіге» қатысты сот шешімі шықты
- Өз ағзасын сатуға оқталған адам жазадан құтылып кетті
- Қырғызстанда TikTok-ты бұғаттау шешімі қайта қаралуы мүмкін
- Оразада азық-түлік бағасы арзандайтыны рас па? Бас мүфти үндеу жасады
- Балқашта көпқабатты үй ортасынан опырылып түсті: Тұрғындар аман ба?
- «Идеология емес, ұлттық мүдде»: Тоқаев Қазақстанның жаңа геосаяси таңдауын айтты
- Олимпиада- 2026: 19 ақпанда 7 медальға талас, Софья Самоделкина шығады
- Мәнерлеп сырғанаудан тағы бір медальға үміт бар ма?
- Алматыда тұңғыш президент саябағы жөндеуден өтеді
- Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
- «Виза шектеулерін енгізді»: АҚШ Иран халқының құқығын шектегендерге шүйлікті
- Тоқаев Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
- Ақтөбеде мопед тізгіндеген 8-сынып оқушысы жол апатына ұшырады
- Ақтөбе облысында жас мұғалімнің мәйіті табылды
- Отарда сарбаз соққыға жығылды: Бірнеше командир қызметінен кетті
- Рамазан-2026: 19 ақпанда қасиетті Рамазан айы басталды
- Ақтөбеде прокурор ұсталды: Тергеу жүріп жатыр
- Қамшыбек Ташиевтің сыныптасы министрліктегі жылы орнын босатты
- FlyArystan компаниясының басшысы ауысады
- Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы терезеден құлады