Хирургтер үш адамға бір донордың екі бүйрегі мен жүрегін салды
Фото: ҚР ДСМ
Мереке қарсаңында Павлодар облысына санитарлық авиация бортында жоғары білікті дәрігерлер бригадасы келді, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың құрамында Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астанадағы кардиохирургия орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен медбикелері болды.
Осы орайда Астана қаласында бағдарлама бойынша таңдалған және кезекте тұрған адамдарды қосымша тестілеуден өтуге шақырды.

Медициналық тексеру қорытындысы бойынша және комиссия шешімімен 26 жастағы пациент анықталды. Ол бүйрек ауруы V терминальді сатысы диагнозымен 6 жыл гемодиализбен жүрген.
Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта дәрігерлер ересек науқасқа қайтыс болған адамның бүйрегін алмастыру операциясын сәтті жасап шықты.
Реципиент палатаға ауыстырылды, бүгінгі күні жағдайы жақсы, тұрақты. Бүйрек толық жұмыс істейді. Астанадағы ана мен бала орталығында жас баланың екінші бүйрегі ауыстырылды. Кардиохирургиялық орталықта да пациентке жүрек трансплантациясы жасалды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды