Хасан Қасымбаевтың соты: БАҚ өкілдерін сот залына кіргізбеді
Фото: Orda.kz
Талғар қаласында Хасан Қасымбаев пен оның серіктестерінің соты жалғасып жатыр және жәбірленушінің соттағы жауабы көпшілікке жарияланбайды деп хабарлайды Orda.kz.
Сотқа қатысушылар БАҚ өкілдерінің 2-сотты бейнекамераға түсіріп, парақшаларына салғанына және жәбірленушінің сөзін жариялағанына наразылық танытып, журналистерді сот залынан шығарып жіберді.
«Сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде жәбірленушінің жауабы мен сот залында түсірілген видео жарияланды. Осыған байланысты жәбірленуші мен процеске қатысушы басқа да азаматтардың сотта берген жауаптарын жариялауға сот тергеуі аяқталғанға дейін шектеу қойылды», – деді судья.
Қазір БАҚ өкілдері сот залына кіре алмағанымен, трансляция арқылы сотты көріп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін прокурор Ерлан Құланбаев Хасан Қасымбаев пен оның қасында серіктес болған тұлғалардың оқиға күні не істегені жайлы айыптау актісін оқыды. Алайда айыпталушы Хасан Қасымбаев тағылған айыпты жоққа шығарып, мойындамады.
Ал 1-сотта айыпталушылардың наразылығынан, прокурор Назгүл Таукенбай сот залынан босатылды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды