«Халықаралық дау»: Қазақстан билігі белсендінің тағдырын 12 қыркүйекте шешпек
Коллаж Orda.kz
Алматы полиция департаменті ұстап отырған қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратовқа (Ақылбек Мұратбай) 12 қыркүйекте босқын мәртебесін беру мәселесі бойынша Комиссияның маңызды отырысы өтеді, деп хабарлады Orda.kz.
Мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан елінің азаматы Ақылбек Мұратовқа Өзбекстан елі сұрау салып жатыр.
Еске сала кетейік, Ақылбек 2024 жылдың 15 ақпанынан бері Алматының тергеу абақтысында отыр. Ол YouTube арнасында құқық қорғаушы конференциясынан бейне үзінділерін жариялаған болатын.
Сондай-ақ, Өзбекстан билігі оны Қарақалпақстандағы наразылықтар кезінде қаза тапқандарға арналған бейбіт флешмоб өткізгені үшін экстрадициялауды сұрап отыр.
Оның Х желісінде жазылған жазбада сот онлайн нұсқада өтетіні жазылыпты. Ал тергеу орнындағы интернет желісі нашар.
«Мұратбаевқа отырысты офлайн режимінде өткізуге рұқсат берілген жоқ. Тек бейнеконференция арқылы қатыса алады, ал тергеу абақтысындағы интернет байланысының сапасы өте нашар», делінген жазбада.
Белсендіге «босқын» мәртебесі берілмесе, Алматының тергеу абақтысынан Өзбекстанға жіберілуі мүмкін.
Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан елінде 2022 жылы шілдедегі қақтығыстан кейін Қазақстандағы қарақалпақ белсенділері қысымға шағымданған болатын.
2022 жылы күзде Orda.kz белсендінің ұсталғаны жайлы жазған болатын. Сол кезде бірнеше қарақалпақ белсендісі құқық қорғаушылардың айтуынша, Өзбекстан билігінің сұрауымен Қазақстанда ұсталыпты. Қазақстан олардың босқын мәртебесін беру туралы өтініштерін мақұлдамады.
Бір жыл қамаудан кейін олар 2023 жылы күзде босап шықты. Алайда құқық қорғаушылар Өзбекстан билігінің сұрауы әлі күшінде екенін, оларды экстрадициялауы мүмкін деп қауіптенеді. Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары ресми Астананы белсенділерді елдеріне қайтармауға үндеп, олардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан.
Жаңалықтар
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады