Халықаралық Аралды құтқару қорын Қазақстан басқарады
Қазақстан халықаралық қорға үш жыл төрағалық етеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның төрағалық мәртебесінде қолдауға ниетті жобалары туралы айтқан болатын.
Өткен жылдың қарашасында Швейцария делегациясымен кездесуінде ол Орталық Азиядағы барлық елдердің мүдделерін ескеретін халықаралық су-энергетикалық консорциум құру жоспары туралы айтқан болатын.
Оны құру бастамасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан қатысатын гидрогеологиялық болжау жөніндегі бағдарламаны іске қосу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Аралды құтқару қоры 1993 жылы Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайын жақсарту бағдарламаларын іске асыруға және оның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектесу мақсатында құрылған.
Оның құрамына Орталық Азияның бес мемлекеті кіреді: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан.
Жаңалықтар
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды