Грузияда наразылық акциясын ұйымдастырғандар қамалды
Фото: NGnwsgeorgia
Грузияда наразылық акциясын ұйымдастырғандар қамауға алынды, оларға 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Грузия Ішкі істер министрлігі 4 қазанда Тбилисиде жергілікті сайлау кезінде өткен наразылық акциясын ұйымдастырған комитеттің бес мүшесі түгелдей ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz NGnwsgeorgia-ға сілтеме жасап.
Қамауға алынғандар: Ираклий Надирадзе, Муртаз Зоделава, Лаша Беридзе, Паата Манджгаладзе және Паата Бурчуладзе.
Ұйымдастырушыларға билікті күшпен құлату шақыру және топ болып зорлық-зомбылық ұйымдастыру айыптары тағылып отыр. Бұл — Грузия заңнамасына сәйкес, тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын қылмыс.
Грузия ІІМ басшысының орынбасары Александр Дарахвелидзенің айтуынша, Бостандық алаңында өткен митинг кезінде зорлық сипатындағы ұрандар айтылған. Наразылардың бір бөлігі Атонели көшесіндегі президент резиденциясына басып кіруге тырысқан. Полиция көз жасаурататын газ және су атқыштар қолданған.
Наразылардың кейбірі көршілес көшелерде баррикадалар орнатып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тас пен фейерверк лақтырған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 21 полиция қызметкері мен 6 наразылық білдіруші ауруханаға жеткізілген.
«Бейбіт революция» ретінде жарияланған акция күшпен таратумен аяқталды. Ұйымдастырушылар үкіметті заңсыз деп тануды және билікті тапсыруды талап еткен.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды