Грузияда құлаған Түркияның ұшағындағы барлық әскер қаза тапты
Фото: әлеуметтік желіден
Түркия Қорғаныс министрлігі Грузиядада апатқа ұшыраған C-130 ұшағындағы 20 әскеридің бәрі көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше, 11 қараша күні Түркия қарулы күштеріне тиесілі C-130 әскери ұшағы Грузия мен Әзірбайжан шекарасында апатқа ұшырады. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, борт Әзірбайжаннан Түркияға бет алған еді. Сонымен қатар, ұшақ ұшып шыққаннан кейін 27 минуттан соң радардан жоғалып кеткен. Бортта 20 әскери қызметкер болды. Өкінішке қарай, олардың барлығы көз жұмды.
Түркияның құтқару экипаждары Грузия билігімен бірге тергеуді бастады.
«Апат орнында Грузия елі тарапымен келісе отырып, апаттың себептерін тергеу бойынша іздестіру-құтқару топтары жұмыс істейді», деп хабарлады Түркия Қорғаныс министрлігі.
Айта кетейік, Ақмола облысында балықшы мұз астына құлап түсіп көз жұмды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды