Голландия прокурорлары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты тергеп жатыр
Фото: Orda.kz
Голландиялық прокурорлар жер түбін тереңдету, мелиорациялау және жасанды аралдар салуға маманданған теңіз мердігері Ван Оордты тергеп жатыр. Іс Қазақстандағы ықтимал сыбайлас жемқорлық оқиғасына қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Голландиялық NL Times басылымының хабарлауынша, Ван Оорд тергеуге қатысты толық түсініктеме беруден бас тартты. Ван Оордқа Қазақстандағы тендерлерді жеңіп алуға көмектескен фирманың делдалы «бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысы бар компанияға» ақша аударған болуы мүмкін.
Ван Оорд 2015 жылы Қазақстанмен жасалған келісімшарттардан жарты миллиард доллар табыс тапқан. Тендерлер мұнай-газ саласына, сондай-ақ Каспий теңізіндегі 72 шақырымдық канал құрылысына қатысты болды. Голландия прокуратурасы күдіктеніп отырған қосалқы мердігер компаниямен жұмысты мерзімінен бұрын тоқтатқан. Ол келісім-шартты бұзғаны үшін өтемақы ретінде 5 миллион еуро және бәсекелестікке қарсы келісім шарттарына сәйкес тағы 19 миллион еуро алды.
«Делдалдар әдетте өз жұмысы үшін келісімшарт бағасының белгіленген пайызын алады, кейде ішінара пайда үлесі түрінде. 2017 жылы біз қатаң талаптарды қолдануды бастаған кезде қосалқы мердігерлермен бірқатар келісімдер жаңартылмады, ал бір келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылды» деп келтіреді Ван Оордтың сөзін NL Times.
Тергеудің егжей-тегжейлері әлі жарияланған жоқ.
2024 жылдың басында Қазақстан сыбайлас жемқорлықұа төзбеудің жаһандық индексінде беделді орынға көтерілгенімен, салыстырмалы түрде сыбайлас ел болып қала беретіні белгілі болды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу