Германияда қаза тапқан қазақ әйелінің күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовқа іздеу салды. Бұл іс Талдықорғанда тіркелген, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар Германияда қастандықпен қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева ісінің фигуранттары ретінде саналып отыр. Айгүл Сайлыбаеваның денесі 2024 жылдың 16 маусымында Германиядағы Эрлахе көлінің маңынан табылған. Тергеушілер оны басқа жерде өлтіріп, кейін сол жерге әкелген болуы мүмкін деп болжайды.
Марқұмның туыстары Германияда да отбасылық зорлық болған деп есептеген. Айгүлдің ағасының айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, ал оның жұмбақ өлімі, жүкті болған кезінде болды. Биыл маусымда Германия полициясы күдіктілер қатарында әйелдің енесі, Қазақстан азаматы Наталья Донцованы ұстауға ордер дайындап, оны іске тікелей қатысы бар адам деп атады.
Еске сала кетсек, Германияда Астана сотының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаева жоғалып кеткен болатын. Кейін оның мәйіті табылды. Ал оның күйеуі Ресей азаматтығын алған болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар