Футболшылар тыйымға қарамастан бәс тігіп, ереже бұзған
Фото: Dall-E нейрожелісінің көмегімен жасалған
Қазақстанның Бас прокуратурасы Футбол федерациясы мен бірқатар футбол клубтарына тексеру жүргізіп, келісілген матчтарды ұйымдастыру және ойыншылардың букмекерлік кеңселерге бәс тігуіне қатысты бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс депутаты Абзал Құспанның депутаттық сауалына жауап ретінде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Футболшылар мен бапкерлердің еңбек шарттарында бәс тігуге тікелей тыйым салынғанына қарамастан, олар букмекерлік ойындарға қатысқан. Мәселен, Ақтауда тоғыз футболшы жалпы сомасы 110 миллион теңгеге бәс тіккен жағдайлар тіркелген.
Тексеру қорытындысы бойынша, 2025 жылғы 2 сәуірде прокуратура Федерацияға заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Жауап ретінде Футбол федерациясы аудит, қаржы және этика комитетін құрып, қаржылық тәртіпті күшейтуге бағытталған 33 іс-шараны қамтитын «жол картасын» әзірледі.
Сонымен қатар, Федерация бірқатар кадрлық шешімдер қабылдады: әкімшілік басшылығы, басқарушы директор, заң, операциялық және маркетинг департаменттерінің директорлары, сондай-ақ қауіпсіздік және интегритиді қамтамасыз ету қызметінің басшысы қызметтерінен босатылды. Бірқатар қызметкерлердің лауазымы төмендетілді.
2025 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Футбол федерациясы заңбұзушылықтарды жою, қаржылық бақылауды күшейту және футболды дамытуға қойылған жаңа міндеттерге сай құрылымды оңтайландыру жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды