Философ Дугин Қазақстан тәуелсіз ел бола алмайды деп мәлімдеді
Фото: Бейнеден кадр
Ресейлік философ және идеолог Александр Дугин Қазақстанды және басқа да посткеңестік елдерді егемендігінен айыруға шақырды. Ол тәуелсіз мемлекеттер дәуірі аяқталды деп мәлімдеп, Мәскеудің бақылауындағы одақ құруды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Философ бұрынғы КСРО елдерін Мәскеудің қол астындағы жаңа одақтың бір бөлігі ретінде көреді екен. Эфирде сөйлеген сөзінде Дугин Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және Әзірбайжанды атап өтті.
Ол ашық түрде:
«Арменияның немесе Грузияның, Әзірбайжанның, Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның егемен ел болуымен келісуге болмайды», — деді.
Оның пікірінше, жаңа геосаяси жағдайда дербес мемлекеттерге орын жоқ.
Дугин Ресейге «қазір ешкім есептеспейтін» халықаралық құқықтан бас тартуды және жаңа саяси модель — еуразиялық Монро доктринасын құруды ұсынды.
«Халықаралық құқықтан бас тарту керек, белсенді қарсыласуға көшу керек. Трамп сияқты әрекет ете бастау қажет, өйткені бізде басқа жол жоқ», — деді ол.
Айта кетейік, Иран билігі наразылық кезінде 5 мың адам қаза тапқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?