Есірткі тасымалдаған парақор прокурорлар ұсталды
Фото: Прокуратура
Бірі есірткі тасымалдады, екіншісі пара алды деген күдікке ілінген прокурор Олжас Әлиев және Самат Қаниев ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы прокуратурасының қызметкері Олжас Әлиевті ұстады.
Ол марихуана сатты деген күдікке ілінген. Орданың дереккөздері Әлиевтің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бөлімінде қызмет атқарғанын хабарлады. Ол қамауға алынды.
Ұлытау облысының прокуроры Самат Қаниев те қамауға алынды. Ол бір миллион теңге пара алған-мыс. Тергеу ол ақшаны жәбірленушіден «істі шешуге көмектесемін» деп уәде етіп алған деп есептейді. Самат Қаниев туған өлкесі Қызылорда облысында ұсталды.
Бас прокуратура Қызылорда облысында есірткі заттарын сатты деген күдікпен ұсталған азаматтың сол сәтте құқық қорғау органдарының қызметкері болмағанын мәлімдеді.
«Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД мен Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті бірлесіп жүргізген жедел шаралардың нәтижесінде Ұлытау облысында Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», — деп толықтырды ведомство.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?