Ертісте балықтар жаппай қырылып жатыр: себептері анықталуда

cover

Өскемен қаласының тұрғындары Ертіс арнасындағы өлген балықтар туралы хабарлады. Мамандар балықтардан сыртқы және ішкі зақымдар таппады.

Бұл туралы Orda.kz Устинка LIVE-қа сілтеме жасап хабарлады.

Балықтардың қырылуы Самал саябағы ауданындағы Ертіс өзенінің арнасында тіркелген. Бөлім мамандары Балық шаруашылығы институты, Балық инспекциясы, Табиғи ресурстарды басқару және Ветеринарлық инспекция қызметкерлерімен бірге оқиға орнына барды.

– Мамандар балықтарды жинап, биологиялық талдау жүргізді, нәтижесінде сыртқы және ішкі зақымданулар табылмады. Аспаптық талдау үшін су сынамалары алынды, балықтар зерттеуге жиналды, - деп түсіндірді қоршаған ортаны қорғау департаменті.

Су мен балық сынамаларын талдау нәтижелері кейінірек жарияланады.

ШҚО Экология департаменті

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар