Ертіс өзені арқылы Павлодар мен Омбы арасында жолаушылар тасымалдануы мүмкін
Фото: t.me/HocenkoVP
Павлодар мен Омбы арасында жолаушылар тасымалдау туралы бастаманы Ресейдің Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
1 шілде күні Омбы облысының делегациясы Павлодарда болды. Сапардан кейін Виталий Хоценко Telegram-арнасында бірнеше жазба жариялап, Ертіс өзенін екі ел арасындағы сауда байланысын нығайту үшін пайдалануға болатынын жеткізді.
«Шекаралық өзеннің әлеуеті жоғары, кеме қатынасын дамытуға мүмкіндік бар. Біз су жолдары арқылы жүк тасымалдауға, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге мүдделіміз. Бұл өңірдегі өнім көлемін арттыруға жол ашар еді. Болашақта жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тұрғысынан да үлкен мүмкіндік бар. Бұл туризмнің дамуына оң ықпал етеді» деп жазды Виталий Хоценко.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан – Омбы облысының басты сыртқы сауда серіктесі. Дегенмен, негізгі жүк тасымалы әлі күнге дейін автокөлік және теміржол арқылы жүзеге асып отыр. Хоценконың пікірінше, өзен арқылы тасымал елдер арасындағы жеткізу жылдамдығын арттырып, шығынды азайтады.
«Ертіс экономикалық күн тәртібіне қайта оралуы тиіс. Бұл – тек өңірдегі ғана емес, халықаралық маңызы бар логистикалық бағыт. Ертіс Ресейдің солтүстік және Сібір аймақтарын Қазақстанмен толыққанды байланыстыра алады», – деді ол.
Айта кетейік, Омбы делегациясы Павлодарға дәл осы Ертіс өзені арқылы шағын кемемен келген.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі Ресейдегі қазақтардың жай-күйі, тұрмысы, мәдени өмірі жайлы білу үшін Омбы қазақтарына хабарласты. Ресейдегі ана тілімізде шығатын жалғыз газеттің бас редакторы, «Омбы қазақтары» атты мәдени, қоғамдық ұйымның жетекшісі Әшенова Торғын тілшімізге сұхбат берді. Еліміздегі соңғы жылдардағы жаппай қазақ тіліне деген құштарлық пен ұлттық киімдерге деген ерекше сұраныс Ресей қазақтарына да өзінше әсер етіпті. Кезінде қазақ ағартушылары білім алған жердегі қазақтардың ұлтқа деген махаббаты мен болмысын сақтауға деген ұмтылысы жайлы мақаламыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды