«Еріктілер жарады»: 1 айда 900-ге жуық қайырымдылық іс-шарасы

cover фото: qazvolunteer.kz

Елімізде 1 айда 900-ге жуық қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі істер марафоны жалғасын тауып жатыр. Бұл  — қайырымдылық және еріктілік мәдениетін дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба. 

Бұл туралы волонтерлердің бірыңғай платформасы хабарлады. 

Қазіргі таңда есептегіш 826 қайырымдылық істі тіркеді. Астанада еріктілер 2 тоннадан астам қоқыс пен пластик жинады. Қостанай облысында «Жақсылық жаса»  акциясы аясында көпбалалы отбасыларға қажетті заттар жеткізілді.

Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясы басталды. Жалпы жобаға 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасын табады. Одан кейін қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл» сияқты арнайы номинациялар бойынша, сондай-ақ марафонды жариялауға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтпек. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар