Ерболат Досаев 8 наурызда шеруге неге рұқсат бермейді?

cover Коллаж: Orda.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев биліктің 8 наурызда шеру өткізуге неліктен рұқсат бермейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Бұған дейін белсенділер билік «аталған тақырып бойынша бейбіт жиналыстар кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі барын» айтып отыр деп хабарлаған. Осындай жауаппен әкімдік өткен жылдан бері феминистерге үш рет шеру өткізуге рұқсат бермеді.

Еске сала кетейік 2021 жылы осындай шеруге рұқсат етілген болатын. Аталған шеру ешбір шусыз өтті.

«Біріншіден, 2021 жылдан бері көп нәрсе өзгерді. Екіншіден, митинг өткізуге ешкім өтініш білдірген жоқ, өтініштер тек шеруге қатысты. Заңнамалық жауаптар берілді, түсіндірулер бар. Шеру өткізуге рұқсат беру құқығы әкімдік құзырында.  Қоғамдық даму басқармасы ұсынған құжаттар  өзгеріссіз қалады. Егер басқа форматта басқа өтініштер берілсе, біз оларды қарастыратын боламыз», - деді Ерболат Досаев.

Еске сала кетейік, 2 ақпанда белсенді Лия Берген Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде пикет өткізсе,  3 және 6 ақпанда белсенді Вероника Фонова 8 наурызды қолдаған митингілерге қатысты. 9 ақпанда «Оян, Қазақстан!» қозғалысының белсендісі Темірлан Еңсебек Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде бірыңғай пикет өткізді және 4 ақпанда Feminita феминистік ұйымының негізін қалаған Жанар Секербаева мен белсенді Камила Еңсеген Алматыда жалғыз пикетке шықты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар