Ералаштың режиссері Борис Грачевский қайтыс болды

cover ugorizont.ru

Жақында коронавируспен ауруханаға түскен Ералаштың көркемдік жетекшісі Борис Грачевский көз жұмды. Ол 72 жаста болған. Режиссердің өлімі туралы 14 қаңтар оның әйелі Екатерина Белоцерковская хабарлады.

28 желтоқсанда Грачевский ауруханаға түскен, оның алдында ол үйде коронавирустан емделген.

10 қаңтарда Белоцерковская дәрігерлер жан сақтау бөліміне түскен Грачевскийдің жағдайын тұрақтандырды деп мәлімдеген.

Грачевский 1949 жылы 18 наурызда Мәскеуде дүниеге келген. 1968 жылы Калининград механикалық техникумын бітірді. Ол балалар мен жасөспірімдерге арналған орталық киностудияда аға әкімші болып жұмыс істеді. 1974 жылы драматург Александр Хмеликпен бірге ол балаларға арналған «Ералаш» әзіл-сықақ кинохроникасының негізін қалады. 1974-1984 жылдары Грачевский Ералаштың директоры, 1984 жылдан бастап осы кинохрониканың көркемдік жетекшісі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар