Ер адам экс-әйелін балаларымен бірге ұрлап кеткен

cover Фото: Envato

Арқалық тұрғыны бұрынғы әйелін ұрып-соғып, күшпен көлікке отырғызып, ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ер адам бұрынғы әйелінің телефонын алып, пышақпен қорқытып, оны балаларымен бірге ұрлап әкеткен. Жәбірленуші бұрынғы жұбайын кешірсе де, сот ер адамды сегіз жылға бас бостандығынан айырды. 

«ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі айыпталушының 7 жылдан 12 жылға дейінгі жазасын өтеуді көздейді. Сотталған адамның ісінде жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар болған жоқ», деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айыпталушы өзі кінәсін мойындамады. Тек дене жарақатын салғанын айтты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар