Ер адам аулада ойнап жүрген көрші баланы сабап тастады (Видео)

cover

Нұр-Сұлтанда домофонмен ойнаған баланы ер адам сабап тастады.

Бұл туралы Orda.kz Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

20 мамырда Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел полицияға қоңырау шалған. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған ұлына аулада ер адам қол көтерген.

Белгілі болғандай, ер адам 33 жастағы жергілікті тұрғын екен.

– Аулада ойнап жүрген балалар үйінің домофонын бірнеше рет басып, мазасын алған. Ер адам ашуға ерік бергенін айтты. Барлық қатысушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді полиция.

Қазір іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша күдікті жауапқа тартылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар