«Енесі күдікті»: Германияда көз жұмған Айгүл Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцоваға іздеу жарияланды
Фото — Айгүл Сайлыбаеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған
Германияда қаза тапқан қазақстандық азамат Айгүл Сайлыбаеваның ісіне қатысты ҚР сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қысқа әрі салқын жауабынан кейін, ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Айгүл Сайлыбаева соңғы жылдары Бенсхайм қаласында күйеуі, екі жасар қызы Жаклин және енесі Наталья Донцовамен бірге тұрған. 2024 жылдың 4 маусымы күні таңертең Айгүл қызын балабақшаға апарған. Кешке қарай қаланың шетінде полиэтилен қапқа оралған денесі табылды. Мойнында, беті мен қолында пышақ жарақаттары болған.
Айбек Смадияровтың айтуынша, басты күдікті ретінде марқұмның енесі — Наталья Донцова танылған.
«Дармштадт қаласының соты Наталья Донцованы кісі өлтіру ісі бойынша айыпталушы деп таныды. Германия полициясы оған Еуропа елдері бойынша қамауға алу туралы ордер алған. Қазіргі уақытта Донцованың қайда екені белгісіз. Оған халықаралық іздеу жарияланды», — деген Смадияров бұл істің саяси астары жоқ екенін де атап өтті.
Еске сала кетсек, Германияның Бенсхайм қаласында қаза тапқан қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі ресейлік БАҚ-та қайғырып отырған адам ретінде көрінген еді. Қос азаматтығы бар Александр Донцов бейнежазбада Ресей билігінен олардың қызы Жаклинге азаматтық беруді сұрады.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?