Енді «Қазақфильм» мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы мүмкін

cover Фото: Orda.kz

«Қазақфильм» киностудиясы тікелей мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz. 

 «Қазақфильмді» қазынадан тікелей қаржыландыруға құқықтық негіз жоқ. Бұл мәселе Мәжіліс отырысында айтылып, заңнамалық деңгейде реттеу тетіктері талқыланды. Бүгінде кәсіпорынның инфрақұрылымы тозып, шығармашылық тұрғыдан да тоқырауға ұшыраған. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева заңға «Қазақфильмді» мемлекеттік тапсырыс арқылы тікелей қаржыландыруға негіз болатын норманың енгізілетінін мәлімдеді.

«Қазақфильмге», дубляжға қатысты жұмыс көптеген заңмен реттеліп, шектеліп, қазіргі күйге жетіп отыр. Заң шеңберінде оның деңгейі көптеген продюсерлік орталықтар деңгейінде қалып қойған. Сондықтан оның барлығын заңға енгізіп, шектеулерді алып тастаймыз. Ал енді дубляжға келетін болсақ, заңдағы талаптар қиын болғандықтан, біз жыл сайын беріліп отырған қаражатты қайтарып отырмыз», - деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар